- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгертулер енгізу қарастырылды
Сенатта көлік мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгертулер енгізу қарастырылды
Заң жобасының мақсаты көліктегі мемлекеттік бақылаудың, оның ішінде теміржол жолаушылар көлігін шекаралық, кедендік және өзге де түрлі бақылаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ кірме жолдарды пайдаланушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, еліміздің су көлігін және сауда мақсатында теңізде жүзуді дамыту болып табылады.
«Танкерлердің барлығында екі түп болуы керек. Яғни, заң қабылданған соң басқа танкерлер Каспий портына өткізілмейді. Қызметтегі редакция қосылған сулардың қалдығын болдырмауды қарастырып жатыр. Бұл тізім кеңейетін болады», - деді Әсет Асаубаев.
Оның айтуынша, заң жобасымен өз өнімін тасымалдау үшін кірме жолдарды пайдаланатын субъектілердің қызметін ұйымдастырудың тиімді тетігін жасау, кірме жолдарда көрсетілетін қызметтерді заңнамалық түрде белгілеу, сондай-ақ тасымалдау процесіне қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды заңға тәуелді деңгейде регламенттеу ұсынылады.
«Сондай-ақ, трамвайлардың жұмысын қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі. Оларға сәйкес бақылау орнату үшін, көліктік бақылау арқылы құзыретті органдар трамвай қозғалатын рейстер мен қозғалу құрамын тексеру құқығына ие болады», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, заң жобасы әртараптандырылған тариф бойынша өзгеріс енгізуді қарастырады.
«Ол жүйелі жолаушылар тасымалына қолданылатын болады. Ара-қашықтық,төлем түрі, бағыт пен тарифке байланысты әртараптандырылады. Бұл төлемнің электрондық нұсқасы енгізілген қалаларда жүзеге асырылады. Бұл бір сағат көлемінде басқа автобусқа отырып, қосымша құнды төлемей соңғы пунктке жетуді қамтамасыз етеді», - деді спикер.
Заңда «қоғамдық көлік» түсінігі енеді.
«Бізде бірқатар қалаларда бас-лейн енгізіледі, қоғамдық көлік үшін арнайы жолақ бөлінеді. Ресми такси тізіміне өзгертулер енгізу ұсынылуда. Ол үшін қажетті келісімдер арқылы өтініш тастау керек, содан кейін аталмыш жолақтарды пайдалана алады. Бұл такси тасымалдауының заңды нарығын дамытуға ынталандырады», - деді А.Асаубаев.
Ақбота Күзекбай
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері