- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды
Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды
Аталған іс-шараға Оманның ірі ақпараттық агенттіктері, баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дипломат журналистерді еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерімен, Қазақстанда өтіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды. Атап айтқанда, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауы, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша конституциялық реформаларынан хабардар етті.
Сондай-ақ, Мұқаш Е. еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ҚР-ның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі туралы айтты, сонымен қатар Оман азаматтары мен тұрғындарын биылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге келуге шақырды.
Қазақстан-Оман арасындағы қарым-қатынастарының негізгі даму кезеңдерін айту барысында Елші өткен ширек ғасыр ішінде екі ел арасында достық пен сенімді қарым-қатынастар орнағанын атап өтті. Қазақстан Республикасымен саяси және экономикалық байланысты орнатқан алғашқы елдердің бірі болып саналатын Оман Сұлтандығы еліміздің араб әлеміндегі маңызды және сенімді серіктесі екендігі туралы атап өтілді.
Іс-шара соңында Оманның БАҚ өкілдеріне «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының мәтіндері, сондай-ақ«ЭКСПО-2017», Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі қатысты ақпараттық материалдар мен имидждік өнімдер таратылды.
ҚР Елшісі брифингінің негізгі мазмұны Оманның бірқатар басылымдарында жарияланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы