- Басты
- Жаңалықтар
- Түрікменстан халқы біз үшін бауырлас ел – ҚР Президенті
Түрікменстан халқы біз үшін бауырлас ел – ҚР Президенті
«Біз түрікмен халқын ең жақын көрші, әріптес әрі бауырлас ел ретінде бағалаймыз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде бір-бірімізге өзара түсіністік танытып келеміз және осы күнге дейін біздің елдер арасында ешқандай шешілмеген мәселелер болған емес. Сыртқы саясатта әріптестік жасап, халықаралық деңгейде Түрікменстанның бастамаларын үнемі қолдап келеміз. Түрікменстан болса, біздің бастамаларымызға әрқашан қолдау көрсетуде», - деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Иранға апаратын темір жол құрылысы Қазақстан мен Түрікменстанның бірлескен ірі жобаларының біріне айналғанын да атап өтті.
«Қазір бұл Жібек жолы бағдары, ол жайында 15 мамырда Пекинде өтетін «Бір белдеу – бір жол» атты үлкен форумда сөз қозғалмақ, ол ең маңызды бағдарлардың бірі ретінде қарастырылмақ және біздің міндетіміз – оны ауқымды етіп толтыру, бұл негізгі сәттердің бірі ғана, барлық қалған мәселелер бойынша құжаттар әзірленіп, қазіргі уақытта оларға қол қойылуда. Әлемдік экономика мен саясаттағы осынау күрделі кезеңде Сіздің сапарыңызды екіжақты қарым-қатынастар үшін аса маңызды ету қажет», - деді Н. Назарбаев.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 12 ақпанда Гурбангулы Бердымұхамедов үшінші мерзімге республика президенті болып қайта сайланған болатын. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Г. Бердімұхамедовты Түрікменстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанға сапармен шақырды. Биыл елдер дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтуде.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері