- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық өндірушілер Ауғанстан нарығына шықты
Қазақстандық өндірушілер Ауғанстан нарығына шықты
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясынан хабарлағандай, шара аясында Ауғанстан нарығына құны 11 млн доллардан асатын азық-түлік өнімдері мен құрылыс заттарын жеткізу туралы келісім жасалды.
Дәл осындай алғашқы шара 2013 жылы өткізілді. Нәтижесінде, Ауғанстанның нарығына жалпы сомасы 27 млн доллар құраған қазақстандық өнімді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілген болатын.
Ал, осы сауда миссиясы бизнес-форум форматында өткізілді. Оған азық-түлік өндіретін 11 отандық кәсіпорынның және 90-нан астан ауғанстандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстандық бизнестің сауда миссиясына ауғанстандық тарап үлкен қызығушылық танытып, олармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Ауғанстан Сауда-өндіріс палатасының өкілдері қазақстандық тауардың сапасын жоғары бағалап, жергілікті нарықта оған деген сұраныстың жоғары екенін мойындады.
«Біз Ауғанстан нарығын отандық экспорттаушылар үшін әлеуеті зор нарық ретінде қарастырамыз. Біз әр тоқсан сайын экспортқа қызығушылық танытып отырған отандық тауар өндірушілерді жіберуді жоспарлап отырмыз. Олар үшін Қазақстан Елшілігі мен ауғанстандық Сауда-өндіріс палатасы бірлесіп кездесулер ұйымдастыратын болады», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST»ұлттық компаниясының басқарушы директоры Асқар Арынов.
Өз кезегінде, сауда миссиясына қатысушылар – қазақстандық тауар өндірушілер мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларының маңызы зор екенін атап өтті.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың қорытындысы бойынша 489,4 млн долл құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 30,7%-ға көп. Қазақстаннан Ауғастанға экспорт 30,7%-ға артып, 486,9 млн долларды құрады. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады