- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Қарағандыда Орталық саябақты абаттандыруға шамамен 500 млн теңге жұмсалады
Биыл Қарағандыда Орталық саябақты абаттандыруға шамамен 500 млн теңге жұмсалады
18 Сәуір, 2017 16:38
Елордалық «Астана Инжиниринг» компаниясы Қарағанды Орталық мәдениет және демалыс саябағы құрылысының үш жылға есептелген жобасын әзірледі. Оны жүзеге асыру үшін бір миллиард теңгеден астам қаржы керек. Жоба аясында саябақтың батыс бөлігі абаттандырылады. 2017 жылы қалалық бюджеттен бірінші кезеңге 486 млн теңге бөлінді.
Жұмыстарды маусым айында бастау жоспарланған. Байқаудың қорытындысы бойынша мердігер анықталады. Бірінші кезеңде Газалиев көшесінен Ержанов көшесіне шығатын шағын көлге дейінгі гүлбақты абаттандыру қарастырылған. Жүгірумен және велосипед спортына әуес жандарға жаңа жолдар жасалмақ. Жобаға осы аймақты жарықтандыру мен көгалдандыру кіреді. Кәсіпкерлерге аттракциондар мен жылдам тамақтану дүңгіршектері үшін орын ұсынылады.
«Меніңше, қалалықтар саябақтың батыс бөлігін дамыту жөніндегі бастаманы бағалайды. Бұл бізге үлкен рекреациялық аймақ құруға мүмкіндік береді. Біздің паркті жақсарту үшін инвесторлар тартамыз», - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады