- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Р.Ердоғанды Түркиядағы бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады
Н.Назарбаев Р.Ердоғанды Түркиядағы бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президентін ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі бүкілхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
«Референдум қорытындылары Түркия халқы арасындағы Сіздің жоғары беделіңіздің және халықаралық аренада еліңіздің тұғырын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсеткен көпшіліктің қолдауының айқын дәлелі болып саналады. Сіздің басшылығыңызбен Түрік Республикасы өңірдегі тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосатын, жаһандық саясатта елеулі орны бар ел, ынтымағы берік, зайырлы мемлекет болып қала беретініне сенімдімін.
Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан тығыз ынтымақтастық екі ел халқының игілігі жолындағы өзара түсіністік негізінде жалғаса береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Президентінің жауапты қызметте мол табысқа жетуіне, ал бауырлас түрік халқының одан әрі дамып, өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
-
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Табысты кәсіпкер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Аида Балаева журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады -
Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады -
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады -
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады