- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздегі фармацевтика өндірісі 25% артқан
Еліміздегі фармацевтика өндірісі 25% артқан
«Биылғы жылғы бірінші тоқсан қорытындылары бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі – 5,8%-ға, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 5,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 6,5%-ға өсті. Кен өндіру секторында түсті металдар өндіру көлемі 10,8%-ға ұлғайса, темір кенін өндіру көлемі 11,4%-ға өскен», - деп нақтылады министр.
Оның мәліметі бойынша, фармацевтика өнеркәсібінің өндіріс көлемдері 25%-ға өскен. Құрылыс материалдары өндірісінде де 7,8% өсім байқалады. Бұл құрылыс көлемдерінің ұлғаюымен байланысты.
Пайдалануға берілген жаңа ғимараттар ауданының жалпы көлемі 52,4%-ға өскен.
«Машина жасау саласындағы өсім – 1,8%, биылғы жыл ішінде бұл көрсеткіш тағы өседі деп күтілуде. Өнеркәсіптегі төмендеу химия өнеркәсібі өнімі бойынша ғана орын алды, ол 1,2% құрады. «Қазфосфат» ЖШС-дағы төмендеу еуропалық нарыққа сату көлемдерінің азаюына байланысты орын алды», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Жалпы, 2017 жыл қорытындылары бойынша өнеркәсіп салалары бойынша барлық жоспарларға қол жеткізу жоспарланып отыр.
«Көлік кешені бойынша өсім 3-4% құраса, жүк айналымы 5,4%-ға ұлғайып, 125 млрд тонна км құрады. Теміржол көлігімен жүк тасымалдауда елеулі өсім байқалады. Жүк тасымалдау 15,7%-ға өскен. Құрылыс бойынша физикалық көлем индексі қаржыландырудың барлық көздері бойынша 107,1% құрады, тұрғын үй құрылысына 174 млрд теңге бағытталды, ондағы өсім 13,8% құрайды. 3 млн 100 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 125%-ды құрайды», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Жалпы, Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші тоқсанда қаржыны игеруі 170 млрд теңгені немесе жоспардың 95,4%-ын құраған.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі