- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесіне ОҚО-дан 4 мыңға жуық оқушы келеді
ЭКСПО-2017 көрмесіне ОҚО-дан 4 мыңға жуық оқушы келеді
Оның айтуынша, облыстық білім басқармасы «ЭКСПО - 2017» көрмесіне мүмкіндігі шектеулі балалар, оқу озаттары мен олимпиада жеңімпаздарының қатысуын қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, жекелеген демеушілер де мектептерге өз тараптарынан билеттер ұсынып, елордаға саяхаттап қайту шараларын қолға алып жатыр.
Ал, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев көрмеге баратындар үшін 15 сәуірден бастап пойыз бен ұшаққа билеттердің сатылымға шыққанын мәлім етті. Сонымен қатар, ол 15 пайызы ұшақпен бірқатары пойызбен жететінін айтып, олардың билеттері алдын-ала брондалып қойғанын және астана бағытына қарай жүретін пойыздарға қосымша вагондар тіркелетінін жеткізді.
«Көрме кезінде әрі-бері жүріс үшін 16 750 орынды дайындап отырмыз. Сондай-ақ, Астана қаласына көрмеге қатысатындарды тасымалдау үшін қосымша 45 орындық 10 автобус және лицензиялары бар тұрақты емес 9 тасымалдаушы компания дайын»,- деді Мақсат Мырзабаев.
Жалпы бүгінде Оңтүстікте халықаралық мамандандырылған көрмені халық арасында кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар мен дайындық шаралары қызу жүруде.
Бұдан бөлек, көрмеге келетін қонақтарды облысқа тарту мақсатында арнайы туристік маршруттар әзірленіп, «ЭКСПО - 2017» көрмесі қонақтарына арналған ресми маршруттар тізіліміне енгізілген.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды