- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Павлодар облысының ұстаздарымен кездесті (ФОТО)
Сенат депутаттары Павлодар облысының ұстаздарымен кездесті (ФОТО)
Парламентшілер аймақтағы орта білім берудің жағдайымен, өзекті мәселелерімен және даму келешегімен танысты. Депутаттар еңбек ұжымдарымен, жалпы білім беру, шағын жабдықталған және арнаулы мектептер мен лицейлердің ұстаздарымен, ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен және оқушыларымен кездесті.
Қазақ тілінде жалпы білім беретін №25 орта мектепте облыс орталығының ұстаздар қауымымен кездесу болды. Шарада 12 жылдық білім беру бағдарламасын енгізу, балаларды үш тілде оқыту, оларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жүздесуде еліміздегі және аймақтағы білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті мәселелер көтерілді.
Профессорлық-оқытушылар құрамы алдында сөйлеген сөзінде сенатор Б.Әйтімова білім беру мен ғылымды үйлестірген жоғары оқу орындары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, рухани жаңғырудың алдыңғы шебінде болуы тиіс екенін атап өтті.
Б.Әйтімова, Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу туралы өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, әсіресе жастарда ұлттық сана-сезімнің жаңа негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ қазақ тілін латын алфавитіне көшіру, әлемнің 100 оқулығын қазақ тіліне аудару туралы айтылды.
Сенатор рухани жаңғырудағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, дамудың эволюциялық жолы, сана ашықтығы секілді мақсаттарға қол жеткізудің маңызына назар аударды. Шараға қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген межелер барша халықтан, ең алдымен білім беру жүйесінен зор күш-жігерді талап ететіні туралы ортақ пікірге келді.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады