• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустриялды парк нысандарының арқасында Астанадағы өнеркәсіп өндірісі 3 жыл ішінде 2 есеге өсті

Индустриялды парк нысандарының арқасында Астанадағы өнеркәсіп өндірісі 3 жыл ішінде 2 есеге өсті

20 Желтоқсан, 2013 10:28
Индустриялды парк нысандарының арқасында 2013 жылы Астанадағы өнеркәсіп өндірісі 2010 жылға қарағанда 2 есеге өсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 111 млрд теңгені құраса, «Астана – жаңа қала» АЭА Индустриялды паркінің нысандарын салғаннан кейін бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, биыл 202 млрд теңгеге жетті», - делінген хабарламада.

Қазір Индустриалды парк аймағына инвестициялық жалпы көлемі 181 млрд теңге болатынн 49 жоба өтініш берген. Солардың 11-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Жалпы, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктер қызметінің нәтижесінде 2010-2013 жылдар аралығында 182 млрд теңгенің тауары мен қызметі өндірілген. Бұл жалпы қалалық тауар шығару айналымының 36%-ын құрайды.  18 млрд теңгеге жетті.

«Тиісінше осы кәсіпкерліктерден түсетін салық көлемі де 18 млрд теңгеге жетті. Бұл аталмыш кәсіпкерліктердің инженерлік инфрақұрылымын өтеуге толықтай жетеді», - дейді әкімдік хабарламасы.

Айта кету керек, Индустриялды паркке өтініш берген 49 жобаның барлығы 2016 жылдың соңына дейін іске кірісетін болады.

 
 

Барлық жаңалықтар