- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылғы бірінші тоқсанда мемлекеттік бюджет кірістері жоспарланған көрсеткіштен асты – Б.Сұлтанов
2017 жылғы бірінші тоқсанда мемлекеттік бюджет кірістері жоспарланған көрсеткіштен асты – Б.Сұлтанов
«Мемлекеттік бюджет кірістері есепті кезең жоспарынан – 113%, соның ішінде республикалық бюджет кірістері – 105%, жергілікті бюджет кірістері 134% асыра орындалды. Республикалық бюджетке 1 трлн 157 млрд теңге сомасына кіріс түсті. Бұл жоспардағыдан 52 млрд теңгеге артық, ал өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 137 млрд теңгеге артық. Асыра орындау импорт көлемінің 25% ұлғаюы, металл бағаларының өсуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен айналым есебінен қалыптасты», – деп мәлімдеді министр.
Б. Сұлтановтың мәліметі бойынша, жергілікті бюджеттердің өз кірістері 136 млрд теңгеге асыра орындалып, 540 млрд теңгені құраған. Жергілікті салықтар 86 млрд теңгеге асыра орындалған. Оның ішінде жеке табыс салығы – 21 млрд теңгеге, әлеуметтік салық – 24 млрд теңгеге және меншік салығы – 19 млрд теңгеге асқан. Кірістер бойынша жоспар барлық өңірлер бойынша асыра орындалған.
«Мемлекеттік бюджет шығыстары 97% игерілді. Республикалық бюджет бойынша игеру 98% құрады, бұл жергілікті бюджеттерге қарағанда жақсы көрсеткіш. Өңірлік бюджеттер 97% атқарылған. Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 65 млрд теңгені құрады», – деп қосты ол.
Қаржы министрлігінің басшысы атап өткендей, шығыстарда әлеуметтік салаға басымдық беріледі. Оның үлесі 44% құрап отыр. Бюджеттің маңызды құралдарының бірі – экономиканың нақты секторын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралар.
«2016 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда, шарттар 15% артық тіркелді. Анықталған бюджет бойынша 71 млрд теңге сомасына міндеттемелер қабылданды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы әрі сапалы өткізудің арқасында 5,4 млрд теңге үнемделді. Сонымен бірге, 47 млрд теңге атқарылмай қалды. Бұл 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда екі есе аз болса да, едәуір қомақты сома», – деп атап өтті министр.
Б. Сұлтановтың айтуынша, бюджеттің игерілмеуінің негізгі себептері нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы және конкурстық рәсімдердің өткізілмеуі, жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалу болып табылады.
«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 857 млрд теңгеге игерілді, ал игерілмей қалғаны - 27 млрд теңге. Жергілікті бюджеттердің есебіндегі қалдықтар 339 млрд теңгені құрап, жыл басынан бері екі есе өсті. Өсім барлық өңірлерде орын алды», – деп түйіндеді Б. Сұлтанов.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты