- Басты
- Жаңалықтар
- Бірінші тоқсанда ЖІӨ 3%-ға өсті - ҚР ҰЭМ
Бірінші тоқсанда ЖІӨ 3%-ға өсті - ҚР ҰЭМ
Министрдің мәліметі бойынша, мұнай бағасы барреліне 54,1 доллар деңгейінде тұрақтады. Ал, металға деген бағаның индексі 5,2%-ға артты.
«Қазақстан экономикасы жаңа сыртқы жағдайларға бейімделуді аяқтап, өсімді қайта қалпына келтіруге көшті десе болады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің ЖІӨ-сі 3%-ға өсті. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде ЖІӨ 0,1%-ға төмендеген болатын. Экономика өсіміне өндіріс, құрылыс, көлік, сауда мен ауыл шаруашылығы серпін берді», – деп атап өтті Т. Сүлейменов.
Ведомство басшысы хабарлағандай, бүгінде өндіріс саласының шырайы кірген,онда өсім 5,8% құрады. 2016 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 0,8%-ға төмендеген еді.
Сонымен қатар, ЖІӨ көрсеткішінің артуына ауыл шаруашылығындағы өндірістің артқаны оң ықпалын тигізді.
«Бүгінде ел экономикасының өсіміне елеулі үлес қосып отырған салалардың алдыңғы қатарында құрылыс көш бастап тұр. Есепті кезеңде құрылыс жұмыстары 7,1%-ға артса, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 25,3%-ға өсті», – деп бөлісті министр.
Айта кетейік, құрылыс саласына үлкен сұранысты «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары қамтамасыз етіп отыр. Бұл өз кезегінде инвестициялық белсенділікке оң әсерін тигізді. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 3,1%-ға артты.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады