- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Петропавлда 17 мың көшет отырғызылады
Биыл Петропавлда 17 мың көшет отырғызылады
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш отырғызу жоспары бекітілді. Биыл 70 шақырымға созылған 17 500 түп көшет отырғызу жоспарланған.
«Қаланың барлық көшелерi қамтылатын болады. Сол сияқты «Береке» шағын ауданында 1000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгiнгi күнi 17500 түп егетiн материал қазып алынды. Олардың 7500-i — қарағай, 2000-ы — терек, 2000-ы — алма ағашы, 2000-ы — шетен, 2000-ы — жөке, 3000-ы — қайың. 15 сәуiр — сенбi күнi 2000 көшет отырғызылды», - деп хабарлады әкімдік.
Одан басқа бiлiм беру мекемелерi 1200, ПИК төрағалары мен жол құрылысы ұйымдары 600 түп көшет ектi, 6 бригада жұмыс iстеуде, 2-уi — ескi ағаштарды отап, отырғызатын жаңа орындар әзiрлеуде, 4 бригада ағаш егуге жұмылдырылған.
Өткен жылы Петропавл қаласына 300 қарағай отырғызылғанын атап айтқан жөн. Биыл облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша 7500 көшет жоспарланса, оның 200-i отырғызылды. Бұдан басқа, көгалдандыру аясында жанды қоршау сияқты сегмент жасалады
Бүгiн қаладағы жанды қоршаудың ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Негiзiнен олар алма ағашы мен оның жабайы түрлерiнен жасалады. Оған ұсақ жұмсақ жапырақты өскiндер пайдаланылады. Барлығы 25 шақырымға 2 қатарды құрайтын қоршау жасау жоспарлануда, оның бiр шаршы метрiне шамамен 7 түп отырғызылады.
16 мың шаршы метр аумақта гүлзар жасау үшiн жеке жұмыс жүргiзiледi. Биыл егiлетiн аумақ 4 мың шаршы метрге көбейiп отыр. Бозқырау түспесе, гүлдер 9 мамырға қарай егiледi.
1 мамырға қарай ПИК-тер үйлер мен аула аумақтарын абаттандыру қажеттiгiн еске салды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды