Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың жәрмеңкесі өтеді

18 Сәуір, 2017 10:37
19 сәуірде елордада құрылысы бітпеген нысандардың инвесторларға бағытталған жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.

Шараның мақсаты - Астана қаласында құрылысы тоқтап қалған проблемалық нысандарды салып бітіру.

Жәрмеңкеде  аяқталмаған 8 проблемалық  тұрғын үй кешені таныстырылады. Жәрмеңкеге даму келешегі зор құрылыс нысандарына қаржы құюға ниетті әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушылар үшін төлқұжаттары бар нысандармен танысуға арналған материалдар дайындалды.

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің, еліміздің бизнес қауымдастығының өкілдері, құрылыс ұйымдары қатысады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар