Шымкентте тұңғыш студенттік бизнес-инкубатор ашылды

20 Желтоқсан, 2013 09:30
Шымкентте ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен «Мирас» университетінің қолдауымен облысымызда тұңғыш «студенттік бизнес инкубаторы» ашылды, деп Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

««Бизнес-инкубатордың»  басты мақсаты - студенттер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен бизнеске оқыту, бітіруші студенттердің, университет оқытушылары арасында іскерлік қатынастарды дамыту», - делінген хабарламада.

Аталған жоғарғы оқу орнында жеке бизнесті бастайтын студенттерге арнайы кеңсе бөліп, интернет, ыңғайлы жұмыс орнын, жиһаз, компьютерлер орнатылып берілген. Сонымен қатар бизнес-инкубаторда апта сайын арнайы бизнес оқытулар мен семинарлар өткізіледі.

Бизнес-инкубатордың қатысушылары өз бизнес жобаларын сабақтан тыс және демалыс күндері жетілдіруге мүмкіндігі бар. Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге бизнес кеңселерді жалға алу бірқатар қыйындықтар туғызады. Ол жалға алу құнымен қатар, компьютер, принтер, факс, телефон орнату, интернет т.б. шығындарды ескеруге тура келеді. Ал бүгінгі ашылып жатқан инкубаторда біз кәсіпкерлердің ыңғайы үшін барлық жағдайларды жасап отырмыз.    

Айтып өту керек, ай сайын студенттер іс-тәжірибеден өту үшін облыстың ірі кәсіпорындарына барып, әр тоқсан сайын жобаларға гранттар бөлінеді, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысатын болады.

2013 жылдың  соңына дейін ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстағы бірқатар оқу орындарымен бірлесіп 5 «студенттік бизнес-инкубатор» ашу жоспарлануда.  

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар