- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР МСМ Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құруда
ҚР МСМ Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құруда
«Елбасы мақаласында кез-келген экономикалық жаңғырту ұлттық-мәдени тамырсыз алға жылжымайтындығын нақты атап көрсетеді. Ертеңгі күннің ерекшелігі адамның бәсекеге қабылеттілігі ұлты жетістігінің себебіне айналуында», - делінген хабарламада.
Министр атап өткендей, Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты бағытын атап көрсетеді: қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет. Мәдениет және спорт министрлігі осы жобаларды жүзеге асыруда негізгі орындаушы әрі үйлестірушісі болып табылады. Әр жоба бойынша арнайы жұмыс топтары құрылуда.
Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына тоқталған А. Мұхамедиұлы көшіру мерзімдері анықталғанын атап өтті. Бұл жерде білім саласында жаһандық бәсекеге қабылеттілікке бейімделген кадрларды даярлау мен әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару бойынша Білім және ғылым министрлігімен ортақ жұмыстар жоспарланған. Тілдерді дамыту жөніндегі комитеті алдында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесін жалпыхалықтық талқылау үшін ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тұр.
Министр атап өткендей, министрліктің ауқымды жобасы заманауи қазақстандық мәдениетті әлемге таныту болады.
«Бұл үздік ұлттық мәдениет туындыларын таңдап алу ғана емес, оны шетелде кеңінен таныстырудан тұратын күрделі әрі еңбекті көп қажет ететін іс. Бұл үлкен аударма қызметі және кітап, кино, пьесалар, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар сияқты мәдени жетістіктерді таныстырудың арнайы әдістері» - деп атап өтті ведомства басшысы. «Бұл сындарлы әрі берекелі іс. Ағымдағы жыл алдағы 5-7 жыл ішінде әлемге не таныстырғымыз келетіндігімізді анықтайтын шешуші кезең».
Бұл жерде Жазушылар одағы, Ғылым академиялары, университеттер мен қоғамдық ұйымдардың рөлі маңызды.
Ведомства басшысы қоғамдық сананы жаңғыртудың тиімділігі мен қарқыны байланысты болғандықтан, сала қызметкерлерін үздік жетістіктерге ашық болуға шақырды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады