- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында сафари-парктің аналогы жасалады
Қарағанды облысында сафари-парктің аналогы жасалады
«Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі. Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің бағыты жасалуда. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылады» - деді «Бұйратау» ұлттық паркінің туризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева.
Келушілер бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, як, марал, сұр тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынған.
Бүгінде «Бұйратау» қорығына арнайы билет сатып алып кіруге немесе бірден Ұлттық паркке келуге болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі.
Қорық аймағында бір тәулік болғаны үшін бір адам бір мың теңге төлейді. Демалушылар паркті аралауға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп, шатырдан қалашық орнатып, Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетерлік жайт, ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді