- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында жыл басынан бері 18 ШОБ субъектісіне қолдау көрсетілді
Қызылорда облысында жыл басынан бері 18 ШОБ субъектісіне қолдау көрсетілді
Аймақтық Үйлестіру Кеңесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теңге болатын 20 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлер несие берешегі бойынша шығындарын азайтуға мүмкіндік алды. Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал бөлшек кепілдендіру құралы аясында жалпы құны 140 млн.теңгені құрайтын 13 жобаны қолдады. «Даму» Қорының қолдауы нәтижесінде кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерлер өз бизнесін қайта жаңғырту мен дамытуға екінші деңгейлі банктерден несие қаражатын тартуға мүмкіндік алды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері тарапынан ЕДБ қаржыландыруға өтініш беріп үлгерген шағын және орта бизнес субъектілеріне 17 бизнес-жоспар әзірленді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында тегін кеңестік қолдауға 1470 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер жүгінген. КҚКО білікті кеңесшілерінің көмегімен кеңес алуға келген 52 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, өз істерін бастаса,10 кәсіпкер екінші деңгейлі банктерінде несие қаражатын рәсімдеп, өз бизнестерін дамытты.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 38 қатысушы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында кәсіпкерліктің негізі бойынша тегін оқудан өтіп, экспресс-курсты сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификатқа ие болды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несие алу механизмін таныстыру және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысуға кәсіпкерлерді тарту мақсатында «Даму» Қорының филиалы тарапынан 70-тен аса ақпараттық-түсіндірме семинар өткізілді.
2017 жылдың 1 тоқсанында орын алған басты жаңалық – «Даму» Қоры мен Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 млрд.теңге бөлінді. Аймақтық бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы 8,5% үстемемен үлестірілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді