- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда жаңа ықшам аудан үшін 49 тұрғын үй салынады
Таразда жаңа ықшам аудан үшін 49 тұрғын үй салынады
Бүгін міне, аумағы 100 гектарды құрайтын автобекет аймағындағы 14-ші ықшам ауданның құрылыс жобасы облыс əкіміне таныстырылды.
Ұлттық құрылыс саласы ассоциациясы президенті Мұхит Әзербаевтың айтуынша, жаңадан бой көтеретін 14-ші ықшам ауданда 49 көпқабатты үй, оның ішінде бес қабатты 27, тоғыз қабатты 16, он екі қабатты 6 үй салынады.
Жалпы тұрғындарға берілетін 5 460 пәтерге 16 000 адам қоныстанады деп жоспарлануда. Бұл аумақта тұрғын үйлерден бөлек, әлеуметтік нысандар да көптеп салынады. Мысалы, 250 орындық 3 балабақша, 2 орта мектеп, балаларды бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, ауысымына шамамен 500 адам қабылдайтын емхана мен онкологиялық диспансер, диагностикалық орталық салынбақ. Сондай-ақ, тараздықтардың көптен күткен неке үйі де осы ықшам ауданда бой көтеретін болады.
Бұдан бөлек, ішінде спорт залдар мен жабық жүзу бассейні қарастырылған спорттық-сауықтыру кешені; құрамында би залдары, клубтар, қалалық кітапхана және кинотеатр бар демалыс орталығы да талайдың таңдайын қақтырады.
Сонымен қатар, заманауи сауда - саттық, тұрмыстық қызмет көрсету кешендері мен бизнес орталықтардың да есік ашатын күні алыс емес.
Көне шаһардың көркем кеңістігіне келісті келбет сыйлайтын ықшам ауданның жобасын мұқият қарап шыққан аймақ басшысы өз кезегінде жобалаушыларға бірқатар ұсыныстарын да айтып өтті.
Ұлттық құрылыс саласы ассоциациясы президенті М. Әзербаев облыс әкімі айтқан сын-ескертпелердің негізге алынатынын, алдағы күндері құрылыс жобасын жетілдіру үшін бірлескен жұмысшы кеңес құру бастамасын ұсынды. Бұл мәселе жөнінде аймақ басшысы тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді