Ақорда Президенттің жеке парақшасы туралы роликті таныстырды

17 Сәуір, 2017 12:36
Президенттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Ақорданың баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке парақшасы туралы ролик жариялады. Парақшаны Akorda.kz. сайтынан көруге болады.

Парақшада бірегей сурет пен аудио – видео материалдар, Елбасына қатысты мақалалар мен  кітаптар жарияланған.

Ол үш санатқа бөлінеді: «Тұңғыш Президент Феномені», «Тұлғаның бірегейлігі», «Жалпыға ортақ назарда».

«Тұңғыш Президент Феномені» бөлімінде  Елбасының балалық шағы мен жастық шағы туралы биографиялық очерк жарияланған.

Тұлғаның бірегейлігі» бөлімінде Президент өмірінің әр түрлі қыры суреттелген.  «Жалпыға ортақ назарда»  Елбасының видеосұхбаттары, Президент жайлы  фильмдер мен  кітаптар, мақалалар бар.

Тәуелсіздік жылдары  болған  Президентке қатысты шаралар «Қызмет хабарлары» бөлімде жарық көрген. 

Барлық жаңалықтар