- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада балалар мүддесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөнінде ұлттық конференция өтті
Астанада балалар мүддесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөнінде ұлттық конференция өтті
«Конференцияның мақсаты білім беруде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі бағдарламаны іске асыру нәтижелері мен оларды одан әрі Қазақстан Республикасына енгізу мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Қазақстан, Қырғызстан елдерінің мүдделі министрлік өкілдері, ғылыми ұйымдар, сондай-ақ Гуманитарлық көмек және азаматтық қорғау еуропалық комиссия департаменті (ЕСНО), БҰҰДБ және ЮНИСЕФ қатысты», - делінген хабарламада.
Конференцияда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту құрам бөлік интеграциясының табысты практикасы ұсынылды, зілзалаларға білім беру жүйесі ұйымдарының әзірлігін мониторингтеу мақсатында 2013 жылы өткен жобаның пилоттық мектеп қауіпсіздігін бағалау нәтижелері талданды. Бұдан өзге халықаралық ұйымның өкілдері Орта Азия және Оңтүстік Кавказ елдеріндегі білім беруде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша ұсындарымен бөлісті.
Бағдарлама жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі орта мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардың дүлей зілзалаларға әзірлігін қамтамасыз ету әлеуетін жетілдіру, сондай-ақ олардың әлеуеттік қауіп-қатерге тұрақтылығын арттыру болып табылады. Жобаның ұлттық деңгейдегі басты міндеті оқу бағдарламасының тиісті міндетті пәндеріне дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша бөлшектерін интеграциялау, Қазақстан өңірлерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде ұлттық және жергілікті даму бағдарламалары мен бюджеттерінде зілзалалардың қауіп-қатерін азайту бойынша құрамбөлігін қосу болып табылады.
Жобаны іске асыру шеңберінде ТЖМ Ұлттық білім беру академиясымен бірге 12 жылдық білім беру мектеп стандарттарында зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі блоктарды қосу бойынша ұсыным әзірледі; мектеп базасында Азаматтық қорғаныс жоспарын қайта қарады, АҚ штаб құрамы мен мен олардың ТЖ кезіндегі нақты іс-әрекеттерінің нақты нұсқаулығын әзірледі; халықаралық қауіпсіздік өлшемшарттарына сәйкес Қазақстанға арналған мектептің қауіпсіздік стандарттарын қайта қарады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы