- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамдық сананы жаңғырту қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтереді – депутат
Қоғамдық сананы жаңғырту қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтереді – депутат

«Елбасының елімізде бейбітшілікті сақтап қалуды қозғауы және бұқаралық сананы өзгерту тұралы ұсыныс білдіруі өте маңызды. Басты мақсат жаңа шындық жағдайында мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлт болу», – деді Г. Сейтмағанбетова.
Оның пайымынша, ұсынылып отырған жаңғырту жолдары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, қоғамдық сананы өзгертуге, мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды, өзіндік ұлттық кодымызды сақтауға және нығайтуға бағытталған.
«Ұлттық салт-дәстүр, әдебиет әрқашан халықпен бірге болу керек. Өз еліңнің тарихын білу және ұмытпау өте маңызды іс. Бір тұтас және ұлы ұлтқа жататынымызды ұмыту кешірілмес күнә. Онсыз жаңғыру бос әңгіме ғана», – деп атап өтті Г. Сейтмағанбетова.
Депутат баса айтқандай, Мемлекет басшысы атап көрсеткен нақты 6 жоба рухани және ұлттық құндылықтар жолының жаңғыруына алып келеді.
« Мақалада қазақстандық мәдениеттің даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, «Туған ел», «Туған жер» бағдарламаларын жасақтау тапсырылған. Ал, білім беру саласында қазақ тілін кезең кезеңімен латын әліпбиіне көшіру ұсынылған. «Жаңа гуманитарлық білім. 100 қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы білім беру мекемелеріндегі сапалы дайындықты көздеп отыр. Біздің халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт дәстүрі өте бай, әрі жарқын. Осы ретте ұсынылып отырған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық құндылықтарымызды сақтап, елімізде туризмді дамытады», – деп ағынан жарылды Г. Сейтмағанбетова.
Елбасы ерекше атап өткендей, әлем Қазақстанды саяси, экономикалық жетістіктерімен ғана емес, мәдени жетістіктеріненде тану керек.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы көптеген өнерлі өнерпаздарға жол ашады, олар өздерінің жетістіктерімен Қазақстанның келбетін анықтайды», – деп ағынан жарылдыы Г. Сейтмаганбетова.
Қайрат Жандыбаев
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу