- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Астанадағы аффинаж зауытына барды
ҚР Президенті Астанадағы аффинаж зауытына барды
«Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы өндіріс цехтарын қарап шығып, шығарылатын өнімдер үлгілерімен танысты, сондай-ақ кәсіпорын ұжымымен әңгімелесті», - делінген хабарламада.
Зауыт қызметінің басты бағыты – бағалы металдарды электрохимиялық аффинаждау.
Ауданы 3,4 гектар болатын кәсіпорын «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан.
Аффинаж зауытының жобалық қуаты жылына 25 тонна аффинаждалған алтын өндірісіне есептелген және оның бағалы металдар электролизі бойынша отандық инновациялық технологияны енгізу есебінен 75 тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін. Жоба осы саладағы әлемдік озық үлгілерге сәйкес әзірленген.
Зауытты алтын және күміс сувенирлік бұйымдар (зергерлік өнімдерден басқа) және техникалық мақсаттағы өнімдер өндірісін құру арқылы одан әрі дамыту қарастырылуда. Бұл химиялық, медициналық, зергерлік , автомобиль және өзге де салаларды, машина және аспап жасау кәсіпорындарын бағалы металдардан алынған бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус