- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: Мәжілісте мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі талқыланды
Ұлт жоспары: Мәжілісте мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі талқыланды
Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко қатысты.Іс-шараны ашу барысында аталған Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды сапалы іске асыру үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа құрамында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытының маңыздылығын атап көрсетті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Мәселен, оның ақпаратына сүйенсек, жаңа қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы заңның арқасында 15 тармақтың 11-і іске асырылды. Баяндама жасаған депутат Ерсұлтан Бектұрғанов қабылданған Заңды іске асыру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын орындау мақсатында қажетті бірқатар маңызды аспектілерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, парламентарийлер мемлекеттік қызметке кіру және одан өту, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен әдеп кодексі нормаларының орындалу деңгейін арттыру бойынша нақты ұсыныстар енгізді.
Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу бойынша тәсілдерді өзгертуге, «А» корпусына кіретін лауазымдар тізбесін оңтайландыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын одан әрі дамытуға және бірқатар басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.
Отырыс қорытындылары бойынша Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңды іске асыру бойынша жүргізген нәтижелі жұмысын атап өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратураның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі