- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әскери парадқа дайындалуда (ФОТО)
Астанада әскери парадқа дайындалуда (ФОТО)
Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған шараның маңыздылығын жете түсіне отырып, әскери қызметшілер күн сайын дайындықтарын пысықтауда.
Парадқа қатысушылардың жаттығулары күн сайын өткізіледі. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету жүріп жатыр.
Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашықта тұрып жатыр. Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды.
Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен өрістетілді. Одан басқа, демалыс күндері әскери қызметшілердің елорданың мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне баруы қарастырылған.
Астанада өтетін парадқа бір айдан аз уақыт алды.
Тартылатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алдағы өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі алаңда әскери-техникалық мектептердің автомобильді техникасында жүріп өтетін Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлерінің, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасының қатысуы болып табылады.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)