- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесі ашылады (ФОТО)
Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесі ашылады (ФОТО)
ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Bloomberg» компаниясының негізін қалаушы және Нью-Йорк қаласының экс-мэрі М. Блумбергпен кездесу өткізді.
Б. Сағынтаев М. Блумбергпен Қазақстанның қаржы нарығын және «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесудің маңызды нәтижесі Астанада Блумберг телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы келісім болды.
Содан кейін Бақытжан Сағынтаев «GE Transportation» компаниясының бас атқарушы директоры Дж. Миллермен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Айта кетер болсақ, GE Transportation Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытуға, атап айтқанда Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған жобаларында белсенді қатысады, онда компанияның бірегей жабдығы табысты қолданылады.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Autodesk» компаниясының кеңсесіне барып, компания вице-президенті Дэвид Крейнмен кездесті.
Тараптар Қазақстанда Autodesk құзырет орталығын құру мәселесін талқылады, оның аясында BIM (Building Information Modeling – ғимаратты ақпараттық үлгілеу) саласында цифрлық стандарттар енгізілетін болады.
Сонымен қатар, «Autodesk» компаниясымен бірлесіп, қазақстандық жаңа құрылыс материалдарының сапасын анықтау және сертификаттау зертханасы құрылатын болады. Компанияны аралау нәтижелері бойынша «Autodesk» пен «ИТП» ДКҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Microsoft» корпорациясының ұжымдық вице-президенті Д. Левинмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында компанияның бағдарламалық шешімдерін ҚР-ның шағын жинақты мектептеріне енгізу мәселесі талқыланды.
Осыған дейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-қа Сан-Франциско қаласына жұмыс сапары аясында Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады