- Басты
- Жаңалықтар
- Кремний алқабында ҚР Өкілдігі ашылады
Кремний алқабында ҚР Өкілдігі ашылады
«Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКҚ) және GVA Capital Венчурлік қоры арасында сәйкес Меморандумға қол қойылды.
Инновациялық Өкілдік Кремний Алқабында ҚР-ның технологиялық стартаптарын дамыту үшін платформаны, ҚР-да корпорацияларды, бизнесті және ғылымды дамыту үшін Алқаптың үздік технологиялық идеялары мен стартаптарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Өкілдікті ашудың негізгі мақсаты – жаһандық технологиялық даму трендетрі туралы ақпарат алмасу және ҚР экономикасына инновациялар мен инвестициялар тарту үшін Қазақстан мен Кремний алқабы арасында «көпір» салу. Бұл біздің елімізге ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген өндірістік компаниялар мен кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуды тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар