- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Астанадағы электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты
ҚР Президенті Астанадағы электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты
«Бұған қоса, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов кәсіпорынды аралау барысында «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – арнайы экономикалық аймағы жұмысының аралық нәтижелері туралы баяндады, онда кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады. Жалпы, парк аумағында инвестициялық жалпы көлемі 181 млрд. теңге болатын 49 жоба мәлім болған, оның ішінде 11 жоба табысты жұмыс істеуде, 8-і пайдалануға берілуде, ал қалған 30-ы іске асырылу үстінде», - делінген хабарламада.
«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын бірлескен кәсіпорны Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Республикасы басшылығымен уағдаластығына сәйкес 2011 жылы құрылған болатын.
Бірлескен кәсіпорынға қатысушы – «Аселсан» компаниясымен Трансферт технологиясы туралы шарт аясында түрік тарапы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімдерінің компоненттері болып саналатын электрондық-оптикалық құрылғылар, электрондық платалар мен линза өндірісі үшін технологиялық құжаттар, материалдар мен жабдықтар ұсынып отыр.
Бұған қоса, бірлескен кәсіпорын өнімдерін қазақстандық қамтуды бірінші кезеңдегі 30 пайыздан таяу бес жыл ішінде 67 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады