- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президенті қоры ОҚО мектебін зертханалық жабдықпен жарақтандырды
ҚР Тұңғыш Президенті қоры ОҚО мектебін зертханалық жабдықпен жарақтандырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар талантты жастарды қолдауға, өңірдегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді талқылады.
«Мемлекет басшысының өмірі толықтай баршамыз үшін және ең алдымен жастар үшін үлгі. Оңтүстік Қазақстан облысында 800-ге жуық жастар тұратынын ескеру қажет. Облыс халқы 3 млн адамды құрайды, ел аясында бұл үлкен сан. Осы сынды іс-шараларды өткізіп тұру өте маңызды. Мен, өз кезегімде, жастармен мұндай кездесулерді формалды жағдайда ғана емес, басқа уақытта да өткізуді ұсынамын. Ол үшін бізде Қазақстан халқы Ассамблеясының және Жастар ресурстық орталығының ғимараттары бар», - деді Ж. Түймебаев.
Бұдан бөлек, кездесу барысында Қор басшылығы Кентау қаласының Абай атындағы №5 орта мектеп өкілдеріне 3 млн теңге сомасына зертханалық жабдықтың 19 атауын табыс етті. Айта кетейік, екіжақты кездесу «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының күндері» жобасы аясында өткен болатын. Қор тұрақты негізде облыс белсенділерімен және Қазақстанның әр түрлі өңірлеріндегі жоо өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрады.
Қордың Атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың айтуынша, бүгінде Қор үлкен жұмыс атқарып жатыр.
«Мемлекет басшысы өзінің жақында жарыққа шыққан бағдарламалық мақаласында бүгінде сананы өзгерту керектігінің өте маңызды екенін айтып кеткен еді. Сананы өзгертпейінше біз алға баса алмаймыз. Біз үшін Мемлекет басшысының айтайын деген ойын жастарға жеткізу маңызды. Біз жастардың гранттар мен стипендиялар берілетін жобалар мен байқауларға қатысқанын қалаймыз. Мен бірлесіп жұмыс істей отыра, жастарымыздың шығармашылық әлеуетін іске асыру жолында үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін», - деді Қ. Жұмабаев.
Жас ғалымдар кеңесінің және Шығармашыл жастар кеңесінің өкілдері мен Қор лауреаттары Шымкент қаласына сапары барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының жоо жетекші студенттерімен және оқытушыларымен кездесіп, Қордың қызметі мен қолданыстағы бағдарламалары жайында айтып берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар