- Басты
- Жаңалықтар
- А.Бейсенбаев: Латын әліпбиіне көшу – жаңа ақпараттық стандарттарға апаратын жол
А.Бейсенбаев: Латын әліпбиіне көшу – жаңа ақпараттық стандарттарға апаратын жол

«Президент ұсынған Жаңғырту бағдарламасы өте уақтылы әрі өзекті. Мемлекет дамудың мүлде басқа деңгейіне көшкен кезде бұл тек экономикалық немесе саяси дамуға ғана емес, сонымен қатар рухани дамуға да қатысты», - деп атап өтті сарапшы.
Оның пікірінше, Мемлекет басшысының айтайын деген ең басты ойы – сананың ашықтығы, ұлттық кодтың сақталуы және қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы. Бағдарламалық құжат жаңа идеологиялық тұжырымдама болып табылады және қоғамның көптеген өзекті сұрақтары мен үміттеріне батыл жауап береді.
«Бұл сананы жаңғырту арқылы реформа. Осыған орай, мақалада айтылған бірнеше маңызды идеяларға тоқталып өтуді жөн санадым. Біріншісі – гуманитарлық ғылымдарды дамыту, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және олар бойынша әлемнің үздік оқу орындарында сабақ берілетін 100 оқулықты қазақ тіліне аудару. Бұл білім сапасын жақсартуға және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға ықпал етеді және біздің жас мамандарымызға үлкен серпін беретіні де анық», - деп түсіндірді депутат.
Екіншісі – «Жүз жаңа есім» жобасы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы көрсетіп отырғандай, арамызда өз еңбектерімен, өздерінің өмірдегі позицияларымен басқаларына үлгі көрсететін адамдар баршылық.
«Оларды ауылдарда, аудандар мен облыстарда, республикада біледі. Олар оң ойлау қабілетіне және жасампаз күш-қуатқа ие, мемлекетіміздің дамуына зор үлестерін қосуда. Балаларымызға осындай адамдарды неге үлгі етпеске?», - деді депутат.
Үшіншісі – латын әліпбиіне көшу.
«Бұл процесс Қазақстан үшін жаңалық емес деуге болады. Қазақстан өз кезінде 1926-40-шы жылдары латын әріптерінің негізіндегі әліпбиді қолданған болатын және бұл мәселе қоғам арасында кейде талқыға алынып отырады. Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс деп айтып кеткен болатын. Бұл жерде еліміз латын әліпбиіне көшкеннен кейін бұрын жазылған барлық құнды тарихи туындыларын жоғалтады деп қауіптенуге ешбір негіз жоқ деп ойлаймын. Біріншіден, көшу кезең-кезеңмен орын алады, ал екіншіден, бүгінде Қазақстанның, ол тарихи немесе экономикалық болсын, барлық құжаттарын цифрлендіру жүріп жатыр. IT-технологиялардың дамуы цифрлендіруден кейін кез келген әліпбиді кез келген графикаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл өте дұрыс қадам. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – жаңа ақпараттық стандарттарға және озық сервистік-инновациялық технологияларға апаратын жол. Сондықтан, мұндағы ең бастысы – халық арасында кезең-кезеңмен кеңінен талқылау және түсіндіру», - деп атап өтті А. Бейсенбаев.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай