- Басты
- Жаңалықтар
- Жастар ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтеді – депутат
Жастар ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтеді – депутат

«Мен Ұлт көшбасшысы – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын ризашылықпен жігерлене оқыдым. Мақалада ұлттық кодты ашу, мәдениетті сақтау мәселесі туралы ерекше сөз қозғалған», - деп атап өтті депутат.
Оның ойынша, ұлттық код болмаса, қоғамымыздың дамуы мүмкін емес.
«Шынында да, менің түсінігімде ұлттық код біздің Ұлы да дана ата-бабаларымыз қоршаған ортаға, адамдарға және өздеріне деген сүйіспеншілік сезімін аша отыра, ғасырлар және мыңдаған жылдар бұрын қалыптастырып, өз ұрпағына таратқан өзіміздің ұлттық салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтау, көбейту және байыту арқылы көрінеді. Дәл осы қасиеттер адам бойындағы мораль, адамгершілік, ұят сияқты қасиеттерді туғызып, үйлесімді дамыған, ақылды, сүйетін әрі салауатты адамды қалыптастыра отыра таланттарды, шығармашылықты, қасиеттерді ашады», - дейді Т. Мұқашев.
Ол айтып өткендей, әр адам өзін іштей ұғынып, не істеу керектігін түсінуі керек. Өз бойында адамға тән ең жақсы қасиеттерді оятып, оны өз Отаны – Туған жеріне, туған-туысқандарына, жақындарына, өзінің ұлттық бастауларына деген сүйіспеншілік сезімі арқылы білдіруі керек.
«Бұл жерде жастарға ерекше рөл беріледі – олар біздің болашағымыз, ата-бабаларымыздың ұлттық кодын генетикалық жалғастырушылар. Мен жастардың дұрыс дүниетанымға дағдылану және ғасырлар бойы келе жатқан рухани құндылықтарға тартылу арқылы ата-бабаларымыздан қалған мұраны көбейтетініне кәміл сенемін», - деп түйіндеді депутат.
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»