- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда киіктерді сақтап қалу үшін 20 млн теңге бөлінді
Қазақстанда киіктерді сақтап қалу үшін 20 млн теңге бөлінді
«Бүгінде Қазақстанда киіктердің үш түрі өмір сүреді. Олардың еліміз бойынша саны 300 мың бастан асуы керек еді. Алайда өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы киіктердің басым бөлігі жаппай аурудан қырылып, енді олардың тек 108 мыңы ғана қалды. Киіктердің аурудан жаппай қырылуын айтпағанда, браконьерлер де жануарлар популяциясының санына үлкен залал келтіреді. Себебі, олар көбіне аталық киіктерді атып алады. Бүгінде киіктерді қорғауда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылуда. Мәселен, соңғы 7 жыл ішінде табиғатты қорғау ұйымдары спутниктік бақылау жүйесін кеңінен пайдаланып келеді. Осының арқасында, браконьерлік фактілердің саны екі есе қысқарды. Өткен жылы ҚР АШМ инспекторлары браконьерліктің 50 фактісін тіркеп, киіктердің 1419 мүйізі тәркіленді, ал үстіміздегі жылдың үш айында 6 факт тіркеліп, киіктің 122 ұшасы тәркіленген», - деді Е. Нысанбаев.
Сонымен қатар ол хабарлағандай, киіктерді қорғаудың аталмыш әдістің тиімділігін ескеріп, КҚК "Globalstar" және «Iridium» спутниктік жүйесі бар Sirtrack/Lotek үлгісіндегі таратқышпен қамтылған 30 бау сатып алуды жөн көрді. Киіктердің мойнына кигізілген баулар 2-2,5 жылдан кейін өзідігінен тарқатылып, түседі. Одан соң бауларды қайта қолдануға болады. Бұдан басқа, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist – Sirtrack) бауы қуатты сәулелік панельден алады.
«Киіктерді ұстап, олардың мойындарына бау тағу жұмыстарын Қазақстанның Каспий теңізі маңындағы киік популяциясын өсіру және сақтау бойынша бірлескен бағдарламаның операторы ретінде АСБК қоғамдық қоры жүргізеді. Аталмыш жоба екі жыл ішінде киіктердің көшу жолдарын анықтап, бақылауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын жоспарлау және қорғау тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер киіктердің барлық популяциялардағы ауруларын зерттеуге ықпал етпек», - деп атап өтті Е. Нысанбаев.
Сондай-ақ вице-министр КҚК компаниясына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, киіктерді сақтау мәселесі - бүгінде басты міндеттеріміздің бірі және мәселені шешуге мемлекет, қоғам мен бизнес етене қатысу тиіс, деп мәлімдеді.
Өз кезегінде, «КҚК-Қ» АҚ Бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин, КТК қызметін бастаған сәттен Қазақстан мен Ресейде экологияны дамытуға бағытталған ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келетінін атап өтті.
«Өзінің қайырымдылық қызметі аясында консорциум еліміздің аймақтарының дамуына 7,9 млрд теңге құйды. Біз бұдан былай да биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастырып, мұндай табиғатты қорғау шараларына демеушілік көрсетуге әзірміз», - деп түсінірді спикер.
Айта кетерлік жайт, шара кезінде КТК, ҚР АШМ, АСБК арасында ақпарат, тәжірибе, білім алмасу және гранттық қолдау ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігін сақтау, қалпына келтіру және зерттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады