- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының мақаласы Жолдаудың басым бағыттарын анықтайды – Б.Мәкен
Елбасының мақаласы Жолдаудың басым бағыттарын анықтайды – Б.Мәкен
«Мақалада біздің рухани құндылықтарымызды және патриотизмді дамыту идеологиялық тұрғыда бағытталған.Бағдарламаның өзі ұрпақтың болашағына бағытталған. Біз 25 жылды айқындадық, енді алдағы 25 жылды тағы да бір айқындап алуымыз керек. Және де, бұл форматта жаңашылдықты пайдаланған жөн. Бүгінгі заманауи әлем бәсекеге қабілетті және біздің елде бәсекеге қабілетті. Әлемнің үздік отыздығына ену үшін бізде жоспар болу керек, экономикалық және рухани, зияткерлік мүмкіндіктер мен біздің мәденитіміз тұрғысында да нақты жоспар болғаны жөн», - деді депутат.
Халық қалаулысының айтуынша, бұл факторлардың барлығы әлемдік деңгейде бәсекелесе алады, себебі біздің ел көпұлтты мемлекет.
«Елбасы 2025 жылға дейін белгілеп қойған басымдықтарды жүзеге асыруда біздің әлеуетіміз зор. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясы өте жақсы институт. Еңбек, білім, ғылым мен нақты бір кластерді дамыту арқылы біз көптеген жағдайларды алдын ала аламыз. Мәселен, Жалпыға ортақ еңбек бағдарламасы бұл мақсаттарға жетуде нақты құрал болып табылады. Біз қандай мүмкіндіктер бар екенін білу үшін жастарды көбірек тыңдағымыз келеді», - деп атап өтті Б. Мәкен.
Бұдан басқа, депутат қоғамымызда кеңірек талқыланып жатқан латыншаға көшу мәселесіне де тоқталды.
«Латын әліпбиіне көшу мәселесінің талқыланып келе жатқанына көп болды. Біз оған кезең кезеңімен келе жатырмыз. Рас, болашақ ұрпақ үшін мектепке немесе мектепке дейінгі мекемелерге кітап ретінде арнайы бағдарламаларды белсенді енгізе бастайтын кез келді. Президент айтқандай, оны революциялық жолмен емес, жоспарлай отырып эвалюциялық жолмен шешу керек», - деп түйді Бахтияр Мәкен.
Ақбота Күзекбай
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция