• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресейдің Қарулы Күштері қаржы-экономикалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды (ФОТО)

Қазақстан мен Ресейдің Қарулы Күштері қаржы-экономикалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды (ФОТО)

14 Сәуір, 2017 19:43
Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы мемлекеттердің қарулы күштерінің қаржы-экономикалық қамтамасыз етілуі төңірегінде тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар қаржылық қамтамасыз ету, банктік сүйемелдеу кезінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру, экономикалық талдау және болжам жасау, мемлекеттік мұқтаждық үшін сатып алуларды қаржылық сүйемелдеу, шығындарды жоспарлау мәселелерін талқыға салды.

Одан басқа, сапар шеңберінде қазақстандық делегация Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бірыңғай есептеу орталығына барды. Онда олар орталықтың құрылымымен, оның жұмыс жасау тәртібі және есеп-қисаптың жүзеге асырылуы, бірыңғай дерекқордың функционалдық мүмкіндіктерімен танысып қайтты.

Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігінің бейінді (салалық) департаменттерінің басшылары қазақстандық делегацияға ресейлік әскери ведомствоның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі бағыттары бойынша шолу ұсынды.  

Барлық жаңалықтар