• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың наурыз айында «Астана Опера» театрының шетелге гастрольдік сапары басталады

2014 жылдың наурыз айында «Астана Опера» театрының шетелге гастрольдік сапары басталады

19 Желтоқсан, 2013 18:30
2014 жылдың наурыз айынан бастап Санкт-Петерборда «Астана Опера» театрының алғашқы шетелдік гастролі өтеді, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

« «Астана Опера» театрының алғашқы шетелдік гастролі 3 күнге созылады. Қазақстандық театрдың ең үздік қойылымдары Мария театрының жаңа және ескі сахнасында үш күн бойы көрсетіледі», - делінген хабарламада.

 «Аттила» операсының қойылуы кездейсоқ емес. Естеріңізге сала кетейік, Мария театрының көркемдік жетекшісі Валерий Гергиев «Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесерінде «Аттила» операсына дирижерлық еткен, сол кезде көрнекті дирижер қойылымның деңгейін жоғары бағалап, опералық спектакльді Мария театрының жаңа сахнасында қоюды ұсынған еді.

«Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов театрдың жас труппасы үшін гастрольге шыққан өте маңызды екенін атап өтті.

 «Бір жағынан, бұл бізге театрдың ауқымды қойылымдарын көрсетіп, Қазақстанның опера және балет өнерінің даңқын шығаруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл шығармашылық алаңының да орасан зор дамуы, себебі, өзге театрдың сахнасында өнер көрсеткенде әртістер жаңа тәжірибе жинап, шығармашылық тұрғыдан машықтанады», - дейді Т. Мұхамеджанов.

 

Барлық жаңалықтар