- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясының жұмысымен танысты
Сенаторлар Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясының жұмысымен танысты
Сенаторлар бірінші кезекте Ақмола облысы бойынша Целиноград аудандық Халыққа қызмет көрсету департаментінің №1 аудандық бөлімінде болды. Одан кейін Астана қаласындағы жер кадастры және жылжымайтын мүліктерді техникалық тексеру департаментінің директоры Е.Ташпенбетов осы мекеменің жұмысымен депутаттарды таныстырды.
Сенат депутаттары Астана қалалық «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының қарсы және бэк-кеңселерінде болды. Оның жұмысымен осы дирекцияның директоры Б.Жүнісов хабардар етті.
Көшпелі отырыс кезінде Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев есеп беретін Үкіметті қалыптастыру аясында «бір терезе» қағидасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетулер саласындағы«Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы қызметінің маңызы зор екенін атап өтті. Шара барысында ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, ұлттық экономика министрінің орынбасары А.Жұмағұлов және «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Оспанов ұйымның келешегі мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасады.
Сенат комитетінің төрағасы А.Бейсенбаев отырысты қорытындылады. Ол корпорация қызметінің тиімді жақтарын атап өтіп, түрлі анықтамалар мен құжаттар алу бағытында әкімшілік кедергілер мен мерзімін қысқартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты.
«Мемлекет қоғам үшін ашық болуы және орталық мемлекеттік органдардың статистика деректеріне онлайн алу, еліміздің әрбір азаматының бірыңғай қаржы есебіне, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау нәтижелеріне қол жеткізу үшін дами беру керек», - деді А.Бейсенбаев.
Сенатор сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызды мәселелеріне тоқталды. Онда бұл құжаттың Қазақстан Президентінің реформаларының заңды жалғасы екені айтылды. А.Бейсенбаев мемлекет басшысының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады», - деген дәйексөзінің маңызына назар аударылды.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады