- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде жұмыс тобы құрылды
Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде жұмыс тобы құрылды
«Бұл мәселе 2012 жылдан бастап белсенді түрде талқыланып келді, сол кезде арнайы жұмыс тобы құрылып, оған біздің гуманитарлық институттарымыз, соның ішінде тіл білімі институты, философия институты және басқалары кірген еді. Өзбекстан, Әзербайжан сияқты өзге де бірқатар елдердің латын әліпбиіне көшу тәжірибесі зерттеліп, тәсілдері әзірленді», – деді Б. Әбдірәсілов.
Ол қазірдің өзінде жұмыс тобы құрылып, оның құрамына ғалымдармен қатар басқа елдердің мамандары да тартылатынын айтып өтті.
«Мемлекет басшысының жаңа жұмысында нақты мерзімдер айқындалды және соған байланысты жұмыстар басталып кетті. Қазір жұмыс тобы құрылуда, оның құрамына тіл білімі саласындағы ғалымдарымызды, мамандарымызды тартамыз және басқа елдерде осы мәселемен айналысқан адамдарды да шақырғалы отырмыз. Мемлекет үшін – бұл маңызды міндет, ғалымдар тобы тағы да бірқатар жекелеген аспектілер қарастырылатын стратегия бойынша жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, топ жұмысына ҚР БҒМ қызметкерлері де қатысады», – деп хабарлады Б. Әбдірәсілов.
Еске сала кетейік, 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жыл соңына дейін латын графикасының негізінде қазақ әліпбиінің стандартын әзірлеп, оған толық көшудің соңғы мерзімін 2025 жылға дейін белгілеуді тапсырған болатын.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді