- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру үшін елде мықты іргетас бар - депутат
Рухани жаңғыру үшін елде мықты іргетас бар - депутат

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын тұшына оқып шықтым. Елбасы мақаласында қоғамның рухани жаңғыру жолын анықтап берген», - деді О.Перепечина.
Депутат Президенттің ұлттың табысы минералдық ресурстардың санынан емес, адамның бәсекелестігінен тұрады деген пікірін толық қолдайды. Бәсекелестік туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әрбір мақаласында еске салады. Елбасының бүгінгі еңбегі реформалардың логикалық жалғасы.
«Қоғамды рухани жаңғырту үшін мықты іргетас бар: үштілділікті дамытуға арналған маңызды бағдарламалар қабылданып, әзірленді. Бастысы әрбір қазақстандық реформаның рухын сезінді, санасына трансформация жасап, жауапкершілігі мол және мықты ұлт болуға бар күш-жігерін салды», - деді депутат.
Президент қазақстандықтар үшін мәдениетті сақтауға, өзіндік ұлттық кодты қалыптастыру үшін бағдар берді, сондай-ақ, жергілікті билікке «Туған жер» және «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобаларына жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
О. Перепечина айтып өткендей, маңызды жобаларға ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен зияткерлік өкілдер салмақты әрі саналы түрде қарауы керек.
«Біз- Сенат депутаттары еліміз дамудың жаңа кезеңіне шығуына бар күш-жігерімізді саламыз», - деді ол.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады