- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту мәселесі талқыланды
Алматыда Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту мәселесі талқыланды
Кеңесте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Миноритарлық инвесторларды қорғау» және «Несие алу» индикаторлары шеңберінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - «Кәсіпорындарды ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары шеңберінде әзірленген түзетулер бойынша ақпаратты ұсынды.
«Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнаманың жаңа ережелері айтылды. Дәлірек айтсақ, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуді, дивиденттер төлеу мерзімін регламенттеуді, жасалған ірі мәмілелердің ашықтығын арттыруды қарастыратын нормалар.
«Несие алу» индикаторы бойынша несие алу, оның ішінде қозғалатын мүлік кепіліне шарт жасау тәртібін оңайлатуды қарастыратын рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған нормаларды түсіндіру.
«Кәсіпорындарды ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша бизнесті және меншікті тіркеуді жетілдіру бөлігінде заңнамалық жаңалықтар айтылды. Дәлірек айтсақ, банк шотын ашуды автоматтандыру және «Электрондық үкімет» веб-порталында қызметкерлерді сақтандыру шартын жасау, заңды тұлғаны тіркеу кезеңінде ҚҚС тіркеу есебіне қою, меншікті тіркеуге мемлекеттік кепілдеме және техникалық төлқұжатты алып тастау.
Жоғарыда аталған заңнамалық реформалар ағымдағы жылдың 12 наурызынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының шеңберінде қабылданды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары