- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ТҮҚ үшін 6600 жер учаскесі беріледі
Қызылорда облысында ТҮҚ үшін 6600 жер учаскесі беріледі
Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
ҚР жер заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне беру бас жоспарда аталған мақсаттарға қаралған бос аумақтар болған жағдайда және олар инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте кезектілік пен бөлінетін алаңдардың дайын болуы ескеріледі.
«Елбасы «Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында барлық әкімдерге жаппай тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөлу жөнін тапсырма берген болатын. Облыс орталығының «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан («Бәйтерек» шағын ауданы) жалпы көлемі 980 гектар аумақтан 2016 жылы 3140 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, жер берілді. Алдағы уақытта осы аумақтан 6600-ге жуық жер беру жоспарлануда», - дейді басқарма басшысы.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар