- Басты
- Жаңалықтар
- Мамырдан бастап «Астана –Алтынкөл» бағдарындағы пойыз іске қосылады
Мамырдан бастап «Астана –Алтынкөл» бағдарындағы пойыз іске қосылады
Пекинде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Қытай темір жолдарының бас директоры Лу Дунфу кездесіп келіссөз жүргізді.
Тараптар ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктері арасындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығының даму болашағын талқылады.
Қытайдан Еуропаға халықаралық жүк тасымалдауды дамытудың бес жылдық жоспары түзілген. Қазақстан трансқұрлықтық транзиттік тасымалдауды дамытуға белсенді қатысушы болып табылады.
2015-2016 жыл қорытындысы Қытайдан Еуропаға халықаралық контейнерлік тасымалдаудың бірнеше есеге артқандығы байқалды.
2016 жылы 104,5 мың ЖФЭ жетті. 2020 жылдары Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік тасымал көлемін 800 мың ЖФЭ жеткізу көзделіп отыр.
Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігін пайдаланудың 2016 жыл мен биылғы жылғы бірінші тоқсан қорытындысы қаралды. Өткен жылы ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 16,6 пайызға артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 миллион тоннаға артық болса, биылғы жылы бұл мөлшерді 10 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
Қ. Алпысбаев контейнерлік жүк ағынын Алашаңқай-Достық мемлекетаралық шекаралық өткелден Қорғас-Алтынкөл арқылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портында өңдеуге бағыттау шарасы туралы хабарлады.
Келіссөздер нәтижесінде Қытай-Еуропа бағдарында контейнерлік пойызды ұйымдастыру, сонымен қатар 2017 жылы мамырдан бастап «Астана –Алтынкөл» бағдарымен «Тұлпар- Тальго» ЖШС вагондарынан жасақталған жүрдек жолаушылар пойызын ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аясында ұйымдастыру бойынша Келісімга қол қойылды.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды