- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев неміс парламентшілерімен кездесті
Қ.Тоқаев неміс парламентшілерімен кездесті
Қ.Тоқаев әңгіме барысында екіжақты, оның ішінде парламентаралық саладағы ынтымақтастықтың қарқынды сипатын атап өтті. Төраға Қазақстан мен Германияның Еуропадағы және Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің маңызды мәселелері, сауда-экономикалық ынтымақтастығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар жөніндегі тұрақты диалогының өзектілігіне тоқталды. Қ.Тоқаев терроризмді түбірінен жою үшін көптарапты әріптестікті нығайтудың маңызын да айтып өтті.
Жоғарғы Палатаның Төрағасы Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи межесінде тұрғанын айтты. Таяуда Парламент Конституцияға түзетулер қабылдады, онда Президенттің бірқатар өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке қайта бөлінді. Бұл күндері елімізде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани сананы жаңғырту жөніндегі ерекше мақаласы кеңінен талқыланып жатыр. Онда жаңғырудың бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, дамудың эволюциялық жолы, сананың ашықтығы секілді идеялар белгіленді. Төрағаның айтуынша, Мемлекет басшысының мақаласы шын мәнінде елімізді экономикалық жаңғыртудың идеологиялық тұғырнамасы, біздің қоғамның рухани жол бағдары болып табылады.
М.Грунд Қазақстанның Орталық Азиядағы жауапты рөлін атап өте келіп, оны Еуропадағы Германияның рөлімен салыстырды. Депутат Президент Н.Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы шешімі мен аймақтағы сенім факторын паш ететін Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы бастамасының ерекше маңызын атап өтті. Депутат 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайлануы Қазақстанның жаһандық рөлін көрсететінін жеткізді.
М.Грундтың пікірінше, қазіргі президенттің өз өкілеттіктерін парламент пен үкіметке өз еркімен беруі қазіргі замандағы сирек болатын құбылыс. «Германия ғана емес, Венециялық комиссия да Қазақстан оң бағытта ілгерілеп келе жатқанын мойындап отыр», - деді ол.
Депутат биылғы қыркүйекте Бундестаг сайлауы өтетіні, Еуропалық Одақтың болашағы туралы пікірсайыстар, көші-қон дағдарысын реттеудің келешегі жайында хабардар етті. Ол Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінде Германия павильонын жасауға жәрдемдескені үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.
-
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті -
Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті -
Жамбыл облысының әкімі ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті -
Қ.Тоқаев Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті -
Қ.Тоқаев Абу Дабидің тақ мұрагерімен кездесті -
Бейбіт Атамқұлов Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті