Астаналық департамент қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

19 Желтоқсан, 2013 17:15
Өрт сөндіру көлігінің аға инструкторы Алтынбек Тюрюкбаев «Ерлігі үшін» наградасымен марапатталды, деп Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алтынбек Тюрюбаев мемлекеттік наградаға ерлігі мен іс жүзінде қолдана білген біліктілігі үшін алған болатын.

«2012 жылдың 17-ші қаңтарында «Қазақстан Темір жолы» АҚ-ның 5 қабатты әкімшілік ғимаратында орын алған өртті сөндіру барысында, қысқа мерзімде, білікті әрекеттерімен 4-ші қабаттың терезесіне жедел түрде баспалдақты беріп, секірейін деп тұрған ер адам мен екі әйел адамды құтқарған еді», - делінген хабарламада.

Өртке қарсы қызмет прапорщигі Алтынбек Тюрюбаев өртке қарсы қызмет саласында 1997 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етуде, бүгінгі қызметіне 2007 жылдың сәуір айында келген. Өрт сөндіру көліктерінде орналасқан барлық арнайыагрегаттар мен механизмдерді меңгерген.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар