Ж.Қасымбек «Астана-Павлодар» автожолының құрылыс дайындығын тексерді

13 Сәуір, 2017 19:34
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан Астана-Павлодар автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалады. Сондай-ақ, мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңеске «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен оның Ақмола мен Павлодар облыстарындағы филиалдарының, «Ақмолажоллаборатория» және «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылығы, сонымен бірге, Астана-Павлодар автожолы жобасының құрылысына тартылған барлық мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.

Ж.Қасымбек өз сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаның стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, министр құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде және жоғары сапада жүргізу керектігіне тоқталды.

Кездесу барысында мердігерлердің техникалық жабдықтары, жол құрылысы материалдарын дайындау сияқты тағы басқа да мәселелер талқыланды.

Министрлік хабарлағандай,  ұзақтығы – 441 км; жүзеге асыру кезеңі – 2013-2018 жылдар;пайдалануға берілгені – 59 км.

Барлық жаңалықтар