- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегияны әзірлеуде
ИДМ инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегияны әзірлеуде
«Стратегияда инвесторларды тарту үшін басым бағыттар мен әлеуеті зор салалар анықталады, инвестициялық климатты жақсарту шаралары мен инвестиция тарту механизмдері жетілдіріледі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандартарына сәйкес еліміздің инвестициялық климатын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Е.Тасжүреков.
Ол атап өткендей, әлемнің үздік тәжірибелері ескеріле отырып министрлік инвестициялық жобалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілін жасақтады.
«2017 жылдың алғашқы жарты жылдығының соңына дейін салалар мен аймақтар тұрғысында халықаралық стандарттарға сәйкес орталық меморгандармен, әкімдіктермен, ұлттық компаниялармен бірлесе отырып инвестициялық жобалардың нақты тізімі жасақталады. Инвесторларды тарту үшін барлық жасақталған жобалар Тауашалы жобалар картасына енгізіледі. Осы ретте ИИДМБ салаларымен шектеліп қана қалмай, мүмкіндіктер кеңістігін кеңейтіп сауда, геологиялық барлау, туризм, қызмет көрсету, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бойынша МЖӘ, АӨК салаларын қамту ұсынылуда», - деп атап өтті Е.Тасжүреков.
Бұдан басқа, төраға орынбасары атап өткендей, «Follow-up» жүйесі аясында инвестициялық жобаларды бірге алып жүру жұмыстары басталды.
«Аталмыш жүйе толығымен соңына дейін жеткізілмеген жобаның жүзеге асырыла бастауына жол берілмейді. Сонымен қатар, инвесторларға қолдау көрсету үшін жаңа қаржы құралдарын ұсыну қарастырылуда», - деді Е.Тасжүреков.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер әзірленді. Барлық ұсынылған енгізілетін жаңалықтар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметінде бар проблемалық аспектілерді және әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған.
«Бүгінде АЭА-да – 150-ге жуық жоба, оның 30-ы шетелдіктердің қатысуымен іске қосылған, тартылған инвестициялар көлемі 600 млрд теңгеден астам, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Республикалық бюджетке салық түсімдері түрінде 100 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды», - деп ақпараттандырды Е. Тасжүреков.
Сондай-ақ, ол «KazakhInvest» ұлттық компаниясы» АҚ жобаларға инвестициялар тарту, сондай-ақ инвесторлардың мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынасын жойып, визалардан бастап құрылысқа рұқсат беру құжаттарын, СЖТ, пайдалануға беру актілерін беруге дейін «бір терезе» принципі бойынша инвесторларға қызмет көрсету мәселелері бойынша Үкімет атынан жалғыз келіссөз жүргізуші және үйлестіруші бола алады.
«KazakhInvest» АҚ басқарушы директоры Алмас Айдаров инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша қалай қызмет көрсетілетіні жайында айтып берді.
«Қазақстанда «бір терезе» принципін іске асыру базасы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді құрылымын қалыптастыру болды. Уақтылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар анағұрлым тиімді түрде барлық деңгейлерде деректер алмасу процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанға жобаларды инвестициялауды шешкен кәсіпкер үшін әуел бастан барынша қолайлы жағдайлар жасалады», - деп мәлімдеді А. Айдаров.
Жалпы, қабылданған жүйелі және операциялық шаралар Қазақстанның инвестициялар тартудағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайту бойынша көзделген міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қайрат Жандыбаев
Фото: автор
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы