• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен АҚШ-тың әскери инженерлері бірлескен жаттықтырулар өткізеді

Қазақстан мен АҚШ-тың әскери инженерлері бірлескен жаттықтырулар өткізеді

13 Сәуір, 2017 18:21
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштері делегациясының кездесуі барысында минасыздандыруды дамыту аясындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі елдің мамандары Қазақстан Қарулы Күштерінің минасыздандыру орталығы мен «Берег» оқу-жаттығу орталығын дамытуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, аталмыш салада ақпараттық, әдістемелік және оқу-материалдық базаны жетілдіру аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін келісті.  

Сонымен бірге, тараптар жерді тазалау, қауіпті жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға қарсы тұру тақырыбы бойынша дайындық әдістемесін әзірлеу бойынша нұсқаушылар мен мамандарды оқып-үйрету қажеттілігі мәселелерінде ортақ пікірге келді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштері инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілерін АҚШ Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталықтарына оқуға жіберу, сондай-ақ, бірлескен сабақтар мен жаттықтыруларды өткізу үшін екі елдің нұсқаушыларын тарту бойынша уағдаластық әзірленуде. Қосымша ҚР ҚК Минасыздандыру орталығының кинологиялық қызметін дамыту жөнінде позициялар әзірленуде.

Барлық жаңалықтар