- Басты
- Жаңалықтар
- Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады – әкім
Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады – әкім
Айта кетейік, Президент қазақ тілін 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдеді.Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.
2017 жылдың соңына дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасау керек. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.
Президент жаңа гуманитарлық білім жобасына тоқталды. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылады. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құруды тапсырды. Ол 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кіріспек.
Мемлекет басшысы патриоттық жұмысты күшейту үшін «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ұлттық жобасы қолға алынады. Сонымен қатар, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қазіргі заманның батырларына баса назар аударуға бағытталады.
Отырысқа қатысушылар осы бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары бәріміз де – «жас республиканың халқы кім? Біз кім?» деп ойландық. Ата-бабалары қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға жер аударылған отандастарымыз да – бұл жерде, осы қоғада болашақ бар ма деп ойланды. Мемлекет басшысының мақаласынан осы сұраққа жауаптар табуға болады», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады, дейді аймақ басшысы.
«Қазақстанды рухани жаңғыртуда «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы. Сарыарқада ондай жерлер көп. Мысал ретінде Ұлытауды алуға болады», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Ерлан Қошанов аймақта түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырдыы. Активтердің кездесулері облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз