Қарағанды облысында туристердің тұруына арналған нысандар саны 8,2% артты

13 Сәуір, 2017 19:12
2016 жылы Қарағанды облысында туристердің тұруына арналған нысандар саны 8,2% артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2016 жылы біздің аймақта 225 қонақ үй, мотель, жазғы демалыс аймағы, пансионат пен демалыс үйі жұмыс істеді. Олардың қызметінің көлемі бір жыылда (2015 жылмен салыстырғанда) 13,3% артып, 3872,4 млн. теңгені құрады.

Жалпы алғанда, бір жылда қонақ үйлер, демалыс үйлері мен басқа да осы сияқты мекемелер 241 мың адамды қабылдаған. Келушілердің жалпы санының 93%-ын республика тұрғындары, 7% - шетелдік азаматтар құрайды.

2016 жылы Балқаш көлі мен қарқаралы ауданында орналасқан облыстағы курорттық аймақтарда 66 объекті жұмыс істеген. 2015 жылмен салыстырғанда олардыың саныы 4,8%-ға артқан. Өткен жылы олардың қызметін 58,8 мың келуші пайдаланған. 

Жалпы алғанда, көрсетілген қызметтер көлемі облыстың курорттық аймақтарында бір жылда 25,2% өсіп, 873,9 млн. теңгені құрады.

 

 

Барлық жаңалықтар