- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдері Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға кірісті
ЕАЭО елдері Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға кірісті
Жаңа Кеден кодексі Еуразиялық экономикалық комиссия қатысушы елдердің бесеуінен де шартты ратификациялау туралы хабарламаларды алғаннан кейін күшіне енеді.
ЕАЭО Кеден кодексі – Одақтың нормативтік-құқықтық базасының негізгі құжаттарының бірі. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта кедендік реттеу ЕАЭО Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылатыны айқындалған. Ол Кеден одағының қолданыстағы Кеден кодексін және кедендік реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді алмастырады.
ЕАЭО Кеден кодексі одақтағы кедендік реттеуді біріздендіру және келісу деңгейін арттырады.
«Енді көптеген процестер автоматтандырылатын болады. Құжатты біздің бизнес өкілдеріміз асыға күтті. Кеден кодексі күшіне енген соң біз ЕАЭО-дағы бизнес-климаттың едәуір жақсаруын күтеміз», – деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян.
Құжатта Одақтағы сыртқы экономикалық қызметті кедендік әкімшілендіру жүйесін «қағаз жүзінен» электрондық технологияларға ауыстыру заңнамалық түрде бекітіледі. Мұндай тәсіл бизнес ресурстарын едәуір үнемдейді, кедендік формалдылықтарды өту процестерін жылдамдатады, сондай-ақ декларацияны тіркеуден бастап тауарларды шығаруға дейінгі барлық кезеңдерде шешімдер қабылдау кезінде «адами факторды» толықтай жояды.
Жаңа КК бойынша жұмыс үш жыл жүргізілді. ЕАЭО Кеден кодексі Комиссиямен, қатысушы бес елдің мемлекеттік органдарымен және бизнес-қоғамдастықтарымен бірлесіп әзірленген одақтың нормативтік-құқықтық базасындағы алғашқы құжатқа айналды. Бұрын бизнес ішкі мемлекеттік келісу кезеңіндегі мұндай деңгейдегі құжаттарға тартылған болатын.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады