- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстаулықтар жыл басынан бері 169,9 млн теңгенің өнімін шығарды
Маңғыстаулықтар жыл басынан бері 169,9 млн теңгенің өнімін шығарды
Өткен жылы аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірілуі 1515,6 млн.теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық. 2017 жылдың басынан бастап 169,9 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, физикалық көлемнің индексі 113,7%-ды құрады. Ауданда 4 ірі шаруа қожалығы қызмет етеді.
Олар «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС, «Жайлау» және «Қарағантүбек» ЖШС, түйе мен биенің сүтінен шұбат пен қымыз дайындап шығаратын «Байболат» ЖШС цехы. Ауданда жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын 3 жылыжай бар. Ағымдағы жылы Ақшұқыр ауылынан аумағы 1,5 гектар болатын жаңа жылыжайдың құрылысы аяқталады.
Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуымен аудан бойынша 3063 жұмыс орындары ашылды. Тұрғындар әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы есебінен жұмысқа орналастырылды.
Аудан халқымен кездесу барысында Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарынан футбол алаңдарының жөндеу жұмыстарына қатысты хат келіп түсті. Аймақ басшысы футбол алаңдарын қалыпқа келтіріп, халықтың пайдалануына берілуін тапсырды.
«Ақшұқыр ауылында жұмыс жасамайтын 8 тұщы су ұңғымасы бар. Соларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, іске қоссаңыздар, ағаштарды суаруға жеткілікті болар еді. Елді мекенді көгалдандыру қажет. Ауылдағы халық саны артып келеді, сіздер, әкім ретінде, нысандардың құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын бір жыл бұрын болжамдап, дайындауларыңыз керек», - деді Ералы Тоғжанов.
Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі облыстық үздік қала, аудан, ауыл және мектеп конкурсының жеңімпаздарына сыйлық ретінде 10 миллион теңге берілетінін айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді